Біздің міндеттемелеріміз
Біз, қауымдастық мүшелері, үлес қосушылар және көшбасшылар, бұл ортада әр адам өзін қауіпсіз сезініп, қудалауға ұшырамауын қалаймыз. Бұл жасына, дене бітіміне, көрінетін не көрінбейтін мүгедектігіне, этникалық тегіне, жыныстық сипаттамаларына, гендерлік сәйкестігі мен өзін-өзі танытуына, тәжірибе деңгейіне, біліміне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, азаматтығына, сыртқы келбетіне, нәсіліне, кастасына, тері түсіне, дініне немесе сексуалдық сәйкестігі мен бағдарына қарамастан бәріне ортақ.
Біз қауымдастықтың ашық, мейірімді, сан алуан, инклюзивті және салауатты болып қалуы үшін қарым-қатынасымызда да, әрекетімізде де соған сай болуға тырысамыз.
Біздің стандарттарымыз
Қауымдастықтағы жақсы атмосфераны сақтауға мыналар көмектеседі:
- Басқа адамдарға жанашырлық пен мейірімділік таныту
- Әртүрлі пікірлерге, көзқарастарға және тәжірибеге құрметпен қарау
- Пайдалы кері байланыс беру және оны сабырмен қабылдау
- Қателігімізді мойындап, одан зардап шеккен адамдардан кешірім сұрап, одан сабақ алу
- Тек өзімізге не тиімді екенін емес, тұтас қауымдастыққа не пайдалы екенін ойлау
Жол берілмейтін мінез-құлық, мысалы:
- Сексуалдық сипаттағы сөздер мен бейнелер, сондай-ақ кез келген түрдегі қалаусыз сексуалдық назар не тиісу
- Троллинг, қорлайтын немесе кемсітетін пікірлер, жеке не саяси шабуылдар
- Жария немесе жеке қудалау (харассмент)
- Басқа біреудің жеке ақпаратын нақты рұқсатынсыз жариялау
- Кәсіби қауымдастық үшін орынсыз, өрескел немесе зиянды деп орынды түрде бағаланатын кез келген басқа әрекет
Ережелердің сақталуына жауапкершілік
Қауымдастық көшбасшылары ортақ ережелердің түсінікті болуына және қауымдастықтың қауіпсіз болуына жауап береді. Егер біреудің әрекеті орынсыз, қорқытатын, қорлайтын не зиян келтіретін болса, олар жағдайға сай, байыппен әрі бірізді әрекет етеді.
Қауымдастық көшбасшылары осы Әдеп кодексін бұзатын пікірлерді, хабарламаларды, коммиттерді, кодты, викидегі түзетулерді, issues пен өзге де үлестерді жоя алады, өңдей алады немесе қабылдамай қоя алады.
Қолдану аясы
Бұл Әдеп кодексі қауымдастықтың барлық кеңістіктерінде, соның ішінде Telegram-да, GitHub-та, ашық талқылауларда, онлайн және офлайн іс-шараларда қолданылады.
Шағымдар мен әрекет ету тәртібі
Егер сіз қорлайтын, қудалайтын немесе басқа да жол берілмейтін мінез-құлыққа тап болсаңыз не соның куәсі болсаңыз, бұл туралы Claude Community Kazakhstan қауымдастығындағы осы ережелердің сақталуына жауапты көшбасшыларға хабарлай аласыз.
Біз мұндай шағымдарды мұқият, жедел және әділ қарауға тырысамыз.
Оқиға туралы хабарлаған адамның құпиялылығы мен қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды.
Салдарлар жөніндегі нұсқаулық
-
1. Ескерту
Қауымдастыққа әсері: орынсыз сөз қолдану немесе қауымдастықта кәсіби емес не жағымсыз деп қабылданатын басқа мінез-құлық.
Салдар: қауымдастық көшбасшыларынан жеке жазбаша ескерту жіберіледі. Онда не дұрыс болмағаны және бұл әрекеттің не үшін орынсыз болғаны түсіндіріледі. Кей жағдайда жария кешірім сұрау орынды болуы мүмкін.
-
2. Ресми ескерту
Қауымдастыққа әсері: бір маңызды оқиға немесе бірнеше әрекет арқылы болған бұзушылық.
Салдар: ресми ескерту жасалып, мұндай әрекет жалғасса не болатыны нақты түсіндіріледі. Белгілі бір уақытқа оқиғаға қатысы бар адамдармен байланысқа шығуға тыйым салынуы мүмкін. Осы шарттар бұзылса, уақытша немесе тұрақты бұғаттау қолданылуы мүмкін.
-
3. Уақытша бұғаттау
Қауымдастыққа әсері: қауымдастық стандарттарының елеулі бұзылуы, соның ішінде қайталанатын орынсыз мінез-құлық.
Салдар: белгілі бір мерзімге қауымдастықпен кез келген өзара әрекеттен немесе жария байланыстан уақытша бұғаттау. Осы шарттарды бұзу тұрақты бұғаттауға әкелуі мүмкін.
-
4. Тұрақты бұғаттау
Қауымдастыққа әсері: қауымдастық стандарттарын жүйелі түрде бұзу, соның ішінде ұзаққа созылған орынсыз мінез-құлық, нақты бір адамды қудалау немесе адамдар топтарына қатысты агрессия мен кемсіту.
Салдар: қауымдастық аясындағы кез келген жария өзара әрекеттен тұрақты бұғаттау.